Оңтүстік Африка елдері мен Гонконгтан табылған коронавирустың жаңа штаммына Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «Омикрон» деген атау беріп үлгерді. Ғалымдардың айтуынша, омикронда мутация өте көп. Бұрынғы штаммдарға қарағанда қауіпті бола ма деген алаң бар. Ұйымның өкілі Мария Ван Керкхове-нің мәлімдеуінше, бұл штамм соңына дейін емделмеген адамнан тарауы мүмкін. Иммунитеті әбден әлсіреген адамда вирус ұзақ уақыт көбейген сияқты. Соңғы мәліметтерге қарағанда омикрон Израиль, Ұлыбритания, Германия, Чехия, Италия, Бельгиядан шығып үлгерді. Вирусқа қарсы вакциналардың әлі келе ме, әрине, әзірге белгісіз. Вирусты зерттеуге уақыт керек. Әлем елдері шектеу шараларын күшейте бастады. Біздің Денсаулық сақтау министрлігі әлі ешнәрсе демеді.
Өткен тәулікте коронавирус пен коронавирус белгілері бар пневмониядан елімізде 23 адам қайтыс болған.