Әйтеуір бір себептермен - бюрократия, бойкүйездік т.б., атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, тұрақты табысы жоқ - күнкөрісі қиын отбасыларды анықтау мәселесі. Бұл бізде бір оқиға болғанда ғана сөз қылатын, бірақ дұрыстап мән беретін, дұрыстап мән бермесе тіпті ушығатын мәселе. Кім айналысуы керек? Әкімдіктер, учаскелік инспекторлар, тіпті дағдарыс орталықтары? Ондай отбасыларды қамтуға кім жауапты? Әлеуметтанушылар не дейді? Алматыда бір келіншектің үш баласын алып 9-қабаттан секіріп кетуінің нақты себебін тергеушілер анықтайды деп ойлаймыз.
Ал жалпы, тұрмыс тауқыметін тартып жүрген ерлі-зайыптылардың күрделі қатынастары тек олардың өздерінің проблемасы ма? Данияр Қайыртайдың сараптамасы.