Талғар қаласында болған балабақшадағы сәби өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талғар қаласында болған балабақшадағы сәби өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

29.11.2021

Алматы облысының Талғар қаласында балабақшада көз жұмған сәби өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Яғни балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау, абайсызда жас баланың өліміне әкеп соғу дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр. Еске салайық, қаладағы жекеменшік балабақшалардың бірінде жұма күні 4 жастағы бүлдіршін көз жұмған еді. Алдын ала болжам бойынша ол моншақ жұтып қойған болуы мүмкін. Сот медициналық сараптама нәтижесіне сай баланың тамағынан қатты пластмасс заттың табылғаны анықталды.  

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу