Лондонда «Қазақстанның 30 жылы: оянған Ұлы дала» кітабы жарыққа шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лондонда «Қазақстанның 30 жылы: оянған Ұлы дала» кітабы жарыққа шықты

29.11.2021

Лондонда  «Қазақстанның 30 жылы: оянған Ұлы дала»  атты кітап жарыққа шықты. Ұлыбритания мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық, екі ел арасындағы саяси-экономикалық және мәдени қарым-қатынастардың қалыптасуы кітапқа арқау болған. Жаңа туынды Британия Парламентінің Қауымдар палатасында өткен Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған шарада көпшілікке таныстырылды. 1991 жылы ел егемендігін алғаннан кейін тура бір ай өткен соң екі ел арасында дипломатиялық әріптестік орнады. Бүгінде Біріккен Корольдік Қазақстанның ірі инвесторларының бірі.

Ник Филдинг, кітап редакторы:
Кітап Тәуелсіз Қазақстанның әртүрлі кезеңдеріне арналған эсселер жиынтығынан тұрады. Елдің тарихы, саяси, экономикалық және білім саласындағы реформалары, инвестиция, сыртқы саясаттағы жетістіктері, мәдениет, туризм бәрі қамтылған. Жобаға беделді британиялық, халықаралық және қазақстандық сарапшылар тартылды.

 Марина Бекенова

Хабарламаларға жазылу