Оңтүстік Африка президенті әуе қатынастарына шектеулерді алып тастауға шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Африка президенті әуе қатынастарына шектеулерді алып тастауға шақырды

29.11.2021

Оңтүстік Африка президенті Сирил Рамафоса өз елімен және көрші мемлекеттермен әуе қатынастарын үзген мемелкеттердің үкіметін айыптап арнайы мәлімдеме жасады. Бұған дейін АҚШ, Ұлыбритания, Еуропа одағы мен Ресей «Қара құрлықпен» авиациялық рейстерді тоқтатқан еді.

Мұндай шешімнің қабылдануына Оңтүстік Африкада коронавирустың жаңа штамының табылуы себепші. Оған «Омикрон» деген атау берілді. Бұл вариант өзгелерге қарағанда тез тарап, адамға қайтадан жұғуы мүмкін.

Айта кетсек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да Африка елдерімен әуе қатынастарын доғарған елдерді айыптап отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу