Түркістан облысында иіс тиіп 4 адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында иіс тиіп 4 адам қайтыс болды

29.11.2021

Түркістан облысы Келес ауданында 4 адам газдан уланып көз жұмды. Ұшқын ауылындағы үш бөлмелі үйде ағайынды екеу мен олардың туыс әпкесі және үш жасар немересі болған. Олар жақындарының қырық күндік асын өткізуге келген болып шықты. Тексеру кезінде шағын баспананың бір бөлмесіне қолдан жасалған темір пеш орнатылғаны анықталды. Пешті үй иесі өз бетінше газға қосып алған. Тиісті тергеп тексеру шаралары жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Асанғали Төлепбергенов, облыстық ТЖД басқарма бастығы:
Оқиға орнын көру барысында бұл жерде пешті пайдалану ережелерінің бірқатар талаптары сақталмағаны анықталып отыр. 

Айнұр Ақбаева

Хабарламаларға жазылу