Отандық жедел сынама өндірісіне мемлекет қолдауы қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отандық жедел сынама өндірісіне мемлекет қолдауы қажет

29.11.2021

СOVID-19-ды анықтайтын жедел сынама өндіруші отандық компания мемлекет тарапынан қолдау күтеді. 15 минут ішінде вирустың бар-жоғын 98 пайыз дәлдікпен анықтайтын тест 2 жылдан бері сатылымға шыққан. Осы уақытқа дейін 80 мың данасы әзірленген. Бағасы да қолжетімді. Компания өкілдерінің айтуынша, әлемдегі бірқатар ел мойындап үлгерген сынаманы ПТР тестпен қатар пайдалануға болады. Тек жедел тесттің ресми тіркелуін күтіп отыр. Алдағы уақытта балаларда вирустың бар-жоғын анықтайтын жедел сынама әзірлеуді де жоспарлар отыр.

Әлішер Байжігітов, фармацевтикалық компания директоры:

Бірінші кезекте жедел тест - уақыт ұтудың тиімді жолы. 15 минут ішінде адам өзінің вирус жұқтырғанын оңай анықтай алады. Сынама ресми тіркелсе, індеттің таралуын да тежеуге болады деп ойлаймыз.


Хабарламаларға жазылу