Елге жарты жылда 11 млрд доллардан аса инвестиция тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елге жарты жылда 11 млрд доллардан аса инвестиция тартылды

29.11.2021

Қазақстанға жарты жылда 11 млрд доллардан аса шетелдік инвестиция тартылды. Бұл былтырмен салыстырғанда 30 процентке көп. Әсіресе Нидерланды елге көбірек қаржы құйып отыр. Оның үлесі 29 пайыздан асқан.

Сонымен бірге АҚШ пен Швейцариядан түсетін инвестиция да аз емес. Шетелдіктерді өңдеу өнеркәсібі мен кен өндіру саласы қызықтырады. Былтыр пандемия салдарынан дүниежүзі елдерінен түсім азайып кеткен. Ұлттық экономика вице-министрі Әлішер Әбдіқадыровтың айтуынша, жаһандық инвестиция 35%-ке төмендеді. Бұдан бөлек инвесторларға кеден мен салық, миграциядағы проблемалар кедергі дейді ол.


Хабарламаларға жазылу