Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов айтты.
Коронавирустық инфекцияның «Омикрон» штамының пайда болуына байланысты мынадай шектеу іс-шаралары енгізіледі:
- Ботсвана, Оңтүстік Африка, Лесото, Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Мадагаскар, Эсватини, Малави Республикасы, , Танзания және Гонконг елінен шетел азаматтарының Қазақстанға келуін шектеу;
- «Омикрон» штамы тіркелген елдерден келген азаматтар вакцинадан бөлек ПТР тесті болуы шарт. Бүгінде бұл штамм Израиль, Чехия, Нидерланды, Бельгия, Ұлыбритания, Италия, Германия, Австралия және Канадада тіркелді;
- «Омикрон» штамы тіркелген елдерден келген азаматтар ПТР тест нәтижесіне қарамай 7 күнге оқшаулануы қажет;
- Бельгияда Мысырдан келген азаматтан «Омикрон» штамы анықталғанын және бұл елден келетін жолаушылар санын ескере отырып, Мысырмен әуе қатынасы тоқтатылады.