Әзірбайжанда әскери тікұшақ құлағанда қаза тапқан 14 адамды жерлеу рәсімі өтті. Бұл жауынгерлер жаттығу кезінде апатқа ұшырап мерт болған. Құрбандарға «шаһид» деген мәртебе берілді.
Әуе машинасының неліктен жолы болмағаны белгісіз. Қазір қайғылы оқиғаның себебі тергеліп жатыр. Ал, жараланған екі жауынгер госпитальге жеткізілген.
Куәгерлердің айтуынша, шекара қызметінің тәжірибелі пилоты басқарған су жаңа тікұшағы қонарда құлаған. Билік өкілдерінің мәлімдеуінше, бұл жағдайға «сыртқы факторлар» себеп емес.
Арыстан Рысбек