Мемлекет басшысы «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға қол қойды. Құжатқа сәйкес ең төменгі еңбекақы мен бір айлық есептік көрсеткіштің мөлшері бекітілді.
Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі еңбекақы мөлшері 60 000 теңге, мемлекеттік базалық зейнетақының төменгі мөлшері 19 450 теңге болады. Ең төменгі зейнетақы мөлшері 46 302 теңге, бір айлық есептік көрсеткіш 3 063 теңге болып бекітілді. Сонымен қатар, ең төменгі күнкөріс деңгейі 36 018 теңге болады.
Дарын Сағитов
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға қол қойды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./news/149011/)