Оңтүстік Кореяда шетелден келгендер 10 күнге карантинге жабылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Кореяда шетелден келгендер 10 күнге карантинге жабылады

02.12.2021

Оңтүстік Корея ертеңнен бастап елге кірген барлық саяхатшыларды, соның ішінде вакциналанғандары да, 10 күнге карантинге жабады. Ондағы мақсат – коронавирустың жаңа түрі «Омикронның» тарауына жол бермеу. Мұны Кореяның Ауруларды бақылау және алдын-алу агенттігі хабарлады. Бұл елде ковид жұқтыру деректері екі күннен бері рекорд жаңартып, тәулігіне 5 мыңнан төмендемей отыр. Сондықтан госпитальдер мен дәрігерлерге үлкен салмақ түсіп жатыр.

Айта кетейік кеше бұл елде алғашқы бес адамнан «Омикрон» анықталды. Олар Сеулге Нигериядан барған екен.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу