БҚО-ның жол мәселесі биыл да шешімін таппады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-ның жол мәселесі биыл да шешімін таппады

02.12.2021

Батыс Қазақстан облысының басты проблемаларының бірі – жол мәселесі. Мемлекет басшысы да өңірдегі жолдың 70%-ы сапасыз деп бағалап, арнайы тапсырма берген.

Бірақ бұл мәселе биыл да шешімін таппады. Оның себебі, қажетті материалдардың қымбаттауы мен мердігер компаниялардың жауапсыздығы әрі пандемия әсері. Бұл туралы облыс басшысы Ғали Есқалиев арнайы брифингте мәлімдеді.

Әкімнің сөзінше, жол құрылысы 2023 жылдың тамыз айына дейін толық аяқталуы тиіс.

Сондай-ақ, Президент индустриалды аймақ салуды 3 жыл бұрын тапсырған. Бірақ индустриалды аймаққа бөлінген қаражат коронавируспен күреске жұмсалған. Сондықтан әкімдік бюджеттен тағы 4 млрд теңге сұрап отыр.

Өңірде су тапшылығы мен қуаңшылық мәселесі де өзекті. Оның алдын алу үшін облыста 2 су қоймасы салынуы тиіс. Бұл Президенттің биылғы Жолдауда берген тапсырмасы.
Ғали Есқалиев, Батыс Қазақстан облысының әкімі:
Біреуінің жобалық сметасы қазір сараптамада. Екі жобаның да тапсырыс берушісі мемлекеттік мекеме. Оларға келер жылдың бюджетінен қаражат бөлінді. Тиісті құжаттарды дайындау керек. Сосын іске асыратын боламыз.  

Хабарламаларға жазылу