Құрлық әскерлері институтының 210 курсанты қайта оқуға оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құрлық әскерлері институтының 210 курсанты қайта оқуға оралды

03.12.2021

Әскери оқу орнын рұқсатсыз тастап кеткен 210 курсант қайта оқуға оралды. 1 желтоқсан күні Алматыдағы Құрлық әскерлері институтының төртінші курс курсанттары өз еркімен оқу орнынан шығып кеткен. Институт басшысы Дулат Адырбековтың сөзінше курстанттардың мұндай қадамға баруына жаңа кадрлық ауыс-түйіс себеп болған. Олар факультет басшысының орнында қалуын талап еткен. Қазір істің мән-жайы анықталуда.

Ғани Нүсіпов, ҚР ҚМ Ақпарат және коммуникациялар департаментінің өкілі:

Курсанттардың ата-аналарына болған жағдай жеткізілді. Аталған факты бойынша генерал-лейтенант Сұлтан Қамараддиновтың басшылығымен Қорғаныс министрлігінің комиссиясы тергеу жүргізуде.


Хабарламаларға жазылу