Түркістан облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақталып, соңғы екі аптада коронавирусқа шалдығу көрсеткіші едәуір төмендеді. Өңірде жасөспірімдер мен емізулі баласы бар және жүкті әйелдерге «Pfizer» вакцинасы жаппай салынуда. Бүгінде 24 мыңнан астам адам екпенің осы түрін алып үлгерді. Сондай-ақ, аймақта ревакцинациялау жұмыстары да қарқынды жүргізілуде.
Райымбек Тасырбаев, Түркістан қалалық емханасының бас дәрігері:
Ревакцинацияға 1610 доза жеткізілген. Қазіргі таңда 795 адам салдырды. Ең бірінші контингент бұл жедел жәрдем қызметкерлері мен инфекциялық госпитальдің қызметкерлері болатын. Бірінші кезекте осы қызметкерлер алып жатыр.