Сенат: Агро саладағы өзекті мәселелер мен даму келешегі талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат: Агро саладағы өзекті мәселелер мен даму келешегі талқыланды

03.12.2021

Агро салаға артылған жауапкершілік ауыр. Өйткені бұл сектор экономиканың драйвері болуы тиіс. Осы ретте парламенттік тыңдауда ауыл шаруашылығындағы мәселелер жіктеліп, дамыту жолы талқыланды. 

Нысаналы Ығыл, тілші:
Иә, түптеп келгенде бәрі ғылымға тіреліп отыр. Себебі қазіргі агро саланың азды-көпті жетістіктеріне тоқмейілсу-тоқырауға соқтырады. Сондықтан министр ауылшаруашылығындағы өзекті мәселелерді бүркемелемей жайып салды. Атап айтқанда, биылғы құрғақшылық-өсімдікті әртараптандыруға көңіл бөлінбегенін көрсетті. Яғни қуаңшылыққа төзімді дақыл түрлерін себу технологиясы кеш те болса қолға алынбақ. Малдың қырылуына сол жем-шөп қорының есепке алынбауы себеп. Енді топырақ сынамасы бүгінгідей 75 гектардан емес, әр 25 га сайын зерттеліп тұрады. Ал субсидияға келсек, қаржыны игеруден гөрі, қарпып қалып жатқандар көп. Өйткені көбіне ірі бизнес субьектілері мен технология жасағандарға бөлініп отыр. Сондықтан субсидия беру тәсілі өзгереді. 

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу