Коронавирустың «Омикрон» штамы әлемнің 30 еліне жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирустың «Омикрон» штамы әлемнің 30 еліне жетті

03.12.2021

Коронавирустың «омикрон» штамы әлемнің кемінде 30 елі мен аймағына жетті. Қазір ол Азияға да тез тарай бастады. Сондықтан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Азия-Тынық мұхит аймағын пандемияның қайта өршуіне дайындалуға шақырды.

«Омикрон» өткен айда Оңтүстік Африкада алғаш рет анықталып, қазір осы мемлекетте «дельтадан» да үстем түрге айналып, эпидемияның төртінші толқынының басталуына себеп болып отыр.

«Омикрон» халықаралық деңгейде «алаңдатарлық штамм» деп танылды. Қазір оның жұғу жылдамдығы мен қаншалықты ауыр жағдайға ұшырататыны зерттеліп жатыр. Кейбір мәліметтерге қарағанда бұл инфекция адамға қайта-қайта жұғып, вакциналардың иммунитетті қорғау күшіне қарсы тұруы мүмкін.


Хабарламаларға жазылу