Елде кәсіпкерлер Ираннан тауарды қосымша декларациясыз тасымалдаған. Сонымен бірге Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан мен Қытай, Түркиядан да өнімдерді заңсыз импорттаған. Көлеңкелі бизнестің жолы кесіліп, кәсіпкерлерге 4 млн теңгеден аса айыппұл салынды. Бизнес өкілдері карантинге жатқызылған өнімдерді ішкі нарыққа кіргізіп, саудалауды көздеген. Бұл өсімдік карантиніне қатысты анықталған алғашқы жағдай емес. Бұған дейін декларациясыз тауар жеткізумен айналысқан азаматтар 400 млн теңгеден аса айыппұл арқалаған еді.
Ақерке Бектас