2021 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 17 358 адам тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 87,7 мың этникалық қазақ оралды.
Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі Өзбекстаннан (76,2%), Қытай - 9,7%, Түрікменстан - 6%, Моңғолия - 2,5% және басқа елдерден 5,7% келген.
Олар негізінен Алматы (28,3%), Түркістан (13,4%), Маңғыстау (19,1%) және Жамбыл (7,8%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (10,5%) қаласына қоныстанған.
Биыл 1 желтоқсандағы статистика бойынша еңбекке қабілеттілер саны 55,2%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 28,1%-ды және зейнеткерлер 16,8%-ды құрайды.
Білім деңгейі бойынша - 11,1% жоғары білімді, 40,2% орта кәсіби білімді, 45,5% жалпы орта білімді және 3,1% білімі жоқ.