Жаңа өзгеріс енгізілетіні туралы ақпарат тараған үш күнде халық зейнетақы қорындағы ақшасын шешуге 46 мың өтініш берген. Мамандардың сөзінше, әдетте «Отбасы банкі» арқылы күніне 2200 өтініш түсетін. Тек 3 желтоқсанның өзінде тұрғындар 16 мың өтініш жазған. Бұл рекордтық көрсеткіш дейді жауаптылар.
43 744 өтініш бойынша азаматтар қазір 242 млрд теңгенің есепшотқа түскенін күтіп отыр. Банктің мәліметінше, халық ақшасын үй алып, ипотекалық қарызды жабумен бірге, туысына беру арқылы жұмсап жатыр.