Зейнетақы жинағының жеткілікті шегі қайта қаралмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зейнетақы жинағының жеткілікті шегі қайта қаралмайды

07.12.2021

Сарапшылар мен халықтың наразылығына қарамастан, 2022 жылға арналған зейнетақы жинағының жеткілікті шегі өзгермейді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді.

Осыған қарамастан келер жылы 180 мың адам жинаған ақшаларының бір бөлігін тұрғын үйге немесе емделуге жұмсай алады. Ведомство өкілі баспанаға аса зәру азаматтар мемлекет ұсынған мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып үлгерді деп отыр. Бүгінгі таңда 400 мыңнан астам адам жинақтарын баспана алуға жұмсаған.


зейнетақы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

Хабарламаларға жазылу