Бельгияда электр қуатының қымбаттауы мен жалақының азаюына қарсы ереуіл өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бельгияда электр қуатының қымбаттауы мен жалақының азаюына қарсы ереуіл өтті

07.12.2021

Бельгия астанасы Брюссельде жалпыұлттық ереуіл өтіп жатыр. Оған қатысушылар электр энергиясының қымбаттауына наразы болып, жалақыны өсіруді талап етті. Полицияның мәліметінше, акцияға 6 мыңдай адам жиналған.

Шараны елдің ең ірі үш кәсіподағы ұйымдастырған екен. Демонстранттар петардалар лақтырғанымен, ереуіл кезінде полициямен қақтығыстар болған жоқ. Наразылық акциясына орай, Брюссельде қоғамдық көлік қатынасында қиындықтар туындады. Оның салдарынан көшеде автокөліктер көбейіп, ұзын-сонар кептелістер түзілген.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу