Жыл бойы еліміздің барлық өңірлеріндегі кітапханаларда Сайын Мұратбековтің шығармашылығын насихаттайтын 2 мыңнан астам іс-шара өтеді. Бұл жайында бүгін «Бір ел-бір кітап» баспасөз конференциясында айтылды.
Биыл акция ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша жалпыхалықтық оқуға белгілі жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі» және «Басында Үшқараның» атты повестері таңдалды.
Дәстүр бойынша барлық білім ордалары қаламгердің өмірі және шығармашылығымен танысып, повестерін оқып, талдайтын болады. Айта кетейік осы жылы акция сегізінші мәрте өтуде. Былтыр Фариза Оңғарсынованың шығармалары халық арасында кеңінен насихатталды.
Адам Мекебаев, жазушы:
Егер біз Сайын Мұратбековтің әңгімесіндегідей өмірді қабылдайтын болсақ, ауылды шексіз сүйеміз. Өйткені, жазушының өзі ауылды, елді, халықты шексіз сүйген. Ауылдағы болып жатқан оқиғаларды айтады. Дәл өзінше көркем суретпен жазып береді. Шығармаларын ерекше сезіммен оқисың. Ешқандай ауытқушылық, сөйлемнің олпы-солпылығы жоқ.
Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ