Биылғы Ұлттық халық санағының алғашқы нәтижесі белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биылғы Ұлттық халық санағының алғашқы нәтижесі белгілі болды

08.12.2021
Биылғы Ұлттық халық санағының алғашқы нәтижесі белгілі болды

Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады. Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында жүргізілген Ұлттық халық санағының алғашқы нәтижелері туралы баяндалды.

Асқар Маминнің мәліметі бойынша:

 Қазақстандықтардың жалпы саны – 19 169 550 адам.

Отандастарымыздың 48,71 пайызы – ерлер, 51,29 пайызы әйелдер.

Қазақстан халқының орта жасы 31,94 жас деп көрсетілген.

Жалпы халықтың 33,97 пайызы – 17 жасқа дейінгі балалар, 19,72 пайызы – 14-28 жас аралығындағы жастар.

Еліміздегі қазақтардың үлесі – 70,18 пайызға жеткен.

Халықтың 59,05 пайызы, яғни 11 320 410 адам еңбекке жарамды деп танылған.


Ұлттық халық санағы Асқар Мамин Қазақстан халқы

Хабарламаларға жазылу