Еуропалық Одақ Қазақстанның көміртегінен арылу жобасын қолдайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропалық Одақ Қазақстанның көміртегінен арылу жобасын қолдайды

08.12.2021

Еуропалық Одақ Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегінен арылу жобасын қолдайды. Әрі оны жүзеге асыруға бағытталған озық тәжірибесімен бөлісуге дайын. Бұл туралы Еуроодақ өкілдері Брюссельде өткен басқосуда мәлімдеді.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған жиында Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы қатынасты одан әрі нығайту жолдары талқыланды. Еуроодақ Қазақстандағы саяси, құқықтық реформаларға және Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетуін жоғары бағалап отыр. Тараптар азаматтық қоғамды дамыту, заңның үстемдік етуі, «жасыл» энергия, ауыл шаруашылығы, білім, ғылым салаларында ортақ жобаларды жүзеге асырмақ. Еуропа кәсіпкерлері соңғы 16 жылда қазақ экономикасына 160 млрд доллар инвестиция құйған.

Марғұлан Баймұхан, Қазақстанның Бельгиядағы Төтенше және өкілетті елшісі:

Біз Еуропа инвестициялық банкпен жұмыс істейміз. Алдын ала келіссөздер өткізіп жатырмыз. Осы банктің қаражатымен Қазақстанда Аралдың аймағына ағаш салу, экологиялық «жасыл» жобаларды іске асыруға келіссөздерді өткізіп жатырмыз.

Борис Ярошевич, Еуропалық Сыртқы істер қызметінің Орталық Азия бөлімінің жетекшісі:

Бізде кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы екіжақты келісім бар. Соны жүзеге асыруға күш салуымыз керек. Президенттеріңіз ол үшін арнайы жол картасын құру туралы ұтымды ұсыныс жасады. Сауда-саттықты арттыру, басқа да салаларда байланысты бекемдеуге әлеуетіміз зор.

Нұрсұлу Қасым


Еуропалық Одақ Қазақстан көміртегі

Хабарламаларға жазылу