Солтүстік Қазақстан тұрғындары жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстан тұрғындары жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталды

08.12.2021

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мерекесі қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша оларды Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин тапсырды. Марапат алғандардың қатарында ғалымдар, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері, мұғалімдер мен дәрігерлер, жұмысшылар мен құтқарушылар, кәсіпкерлер, әртістер мен спортшылар бар. Оларға Отан алдындағы адал қызметі үшін «Парасат», «Құрмет» III дәрежелі «Еңбеқ Даңқы» ордендері табысталды. Сондай-ақ, «Ерлігі үшін», «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» сынды медальдар да өз иелерін тапты.


Хабарламаларға жазылу