Біріккен араб әмірліктері Қазақстан экономикасына қомақты инвестиция салуға ниетті. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Астана қаржы орталығы мен аталған елдің «Аль Мир» компаниясы арасында келісімшарт жасалды. Яғни Әмірлік Қазақстандағы білім, денсаулық, энергетика, мұнай мен табиғи газ, түсті металлургия салаларына, агроөнеркәсіп пен туризмді дамытуға қаржы құяды. Қос тарап біріге отырып ұзақ әрі нәтижелі, жүйелі жұмыстар атқаруға уағдаласты. Бұл Қазақстанның 30 жыл ішінде шетелдік инвесторларды қызықтыра алатын қуатты мемлекетке айналғанының кепілі.
Ахмад Инаб, «Аl meer investment and trading» компаниясының бас директоры:
Мен 5-6 жылдан бері Қазақстанға іс-сапармен жиі келіп жүрмін. Яғни Қазақстандағы экономикалық ахуалды жақсы білемін. Қазір инвестиция салуға өте ыңғайлы кезең. Бізден бөлек, 5-6 өзге де серіктестеріміз біраз жылдан бері Қазақстанмен бірлесе жұмыс істеп жатыр. Қанша қаржы бөлетініміз әлі нақты бекітілген жоқ. Бірақ ең мықты мамандарды жұмылдырып, ең мықты технологиялық мүмкіндіктерді пайдаланатынымыз сөзсіз.
Мәлік Сапарғалиұлы, «Аl meer investment and trading» компаниясының Қазақстандағы ресми жетекшісі:
Компанияның бір өкілі, Қазақстанның елшісі ретінде Иордания мемлекетінде 5 жыл жұмыс істеген. Ол біздің елді жақсы біледі. Ал екінші бас директоры EXPO-2017 өткен кезде, Қазақстанда басшылық қызметте болды. Қазақстан нарығын жақсы зерттеген кісі.