Жапондық туристер мінген кеме халықаралық ғарыш станциясына жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапондық туристер мінген кеме халықаралық ғарыш станциясына жетті

09.12.2021

Жапондық миллиардер Юсаку Маэзава мен кинопродюссер Йозо Хирано мінген «Союз» кемесі Халықаралық ғарыш станциясына жетті. Олар Байқоңырдан орбиталық бекетке ресейлік космонавт Александр Мисуркинмен бірге аттанғанын хабарлаған едік.

Күншығыс елінің екі азаматы осы сапарға Мәскеу маңында айлар бойы дайындалған. Олар – соңғы он жылда ғарышқа жеткен алғашқы саяхатшылар.

Жапондықтар бұған қанша төлегені әзірге белгісіз. Бірақ кейбір мәліметтерге қарағанда, космосқа турист ретінде бару үшін әр адам 50 миллион доллар төлеуі қажет.

Арыстан Рысбек


Жапондық турист кеме ғарыш станциясы

Хабарламаларға жазылу