Сот жүйесі дербес қаржылануға көшеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сот жүйесі дербес қаржылануға көшеді

09.12.2021

Сот жүйесіне жыл сайын 55 млрд теңге бөлінеді. Бұл - болжамды сома. Сенат сот жүйесінің тәуелсіздігін қамту үшін қаржыландыру моделін бекітті. Енді мемлекеттік органдарға жұмсалатын бюджеттің 6,5 пайызы осы органға аударылып отырады. Бұған ғимаратты күтіп ұстау, материалдық техникалық база, жалақы төлеу сияқты шығындар өтеледі. Осылайша сот жүйесі қаржы сұрау тәуелділігінен құтылмақ. Сенат судьялардың мәртебесі, азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру және дауларды соттан тыс реттеу туралы заң жобаларын мақұлдады.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Cенатының Төрағасы:

Бүгін қабылданған заңдар Мемлекет басшысының сот жүйесін жетілдіруге арналған бастамаларын іске асыру үшін әзірленді. Судья лауазымына үміткерлерді іріктеу жүйесін және судьяларды конкурстық іріктеу тетіктерін жетілдіреді. Жаңа нормалар сот жүйесінде заманауи технологияларды кеңінен пайдалануға да мүмкіндік береді. Жоғарғы Соттың пленарлық отырысының және Жоғары Сот Кеңесі отырысының құзіреттерін кеңейтеді.


Хабарламаларға жазылу