Бурабайда «Қансонар - 2021» халықаралық турнирі өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бурабайда «Қансонар - 2021» халықаралық турнирі өтіп жатыр

10.12.2021

Әлемнің мықты бүркітшілері Бурабай бөктерінде бас қосты. Саятшылық өнердің саңылағы Мәсіп Батырханұлы атындағы дәстүрлі халықаралық сайыс осымен 20-мәрте ұйымдастырылуда. Оған жергілікті саятшылармен қоса, Қытай, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан, Венгрия елдерінен келген 60-тан астам бүркітші қатысуда.

Биылғы «Қансонар» сайысы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған. Алдымен бүркітшілер шырға тартудағы алғырлықтарын көрсетеді. Кейін аңға салып, бабын сынайды. Бурабайдағы бұл сайыстың жүлдесі - қомақты. Бірінші орын алған бүркітшіге 4 миллион теңге табысталмақ. Сайыс қорытындысы ертең белгілі болады.

Арман Мәти, бүркітші:

Кішкентай кезімізден құстың қасында өскеннен кейін осыны қолға алып, әрі қарай дамытып жатырмыз. 6 жастағы ұлым бар, соған қаршыға салуды үйретсем деп жүрмін. Әрі қарай ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыра береміз. Осы жерге келіп қатысып жатқанымызға өте қуаныштымыз.

Ермек Елберген


Қансонар

Хабарламаларға жазылу