АҚШ-та 16-17 жастағыларға вакцинаның үшінші дозасын салуға рұқсат берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та 16-17 жастағыларға вакцинаның үшінші дозасын салуға рұқсат берілді

10.12.2021

АҚШ-та 16-17 жастағы жеткіншектерге коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші дозасын салуға рұқсат берілді. Мұндай шешімді Азық-түлік және дәрі-дәрмек агенттігі шығарған. «Pfizer» екпесі екінші компонентті қабылдағаннан кейін жарты жыл өткенде егіледі.

Жастарды иммундау ковидтің «омикрон» штамын таратпау бағдарламасы аясында қолға алынды. Вирустың бұл түрі АҚШ-та 100-ге жуық адамнан анықталды. Оны жұқтырғандар алдағы уақытта тіпті көбеюі мүмкін.

Елде 4,7 миллиондай жасөспірім толық вакцина алған. 2 жарым миллиондайына үшінші доза салынуы керек. Дегенмен ғалымдар екпе жастардың жүрегіне кері әсер етуі мүмкін деп алаңдап отыр.

Арыстан Рысбек


АҚШ

Хабарламаларға жазылу