Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу талаптары күшейді. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы куәлік алу сынағындағы жаңа жүйені таныстырды. Бұған дейін жүргізуші куәлігін «сатып алу» жағдайлары анықталған. Сол себепті мемлекеттік корпорация емтихан барысын қатаң бақылауға алды. Ол үшін теориялық емтихан тапсыру кезеңіне арнайы биометриялық жүйе іске қосылды. Сынақ барысын арнайы ситуациялық орталық бақылап отырады.
Жаңғырту жұмыстары елордада басталды. Кезекте Алматы, Шымкент қалалары тұр. Нұр-Сұлтанда 1989 адам жүргізуші куәлігін алуға өтініш берген. Басым бөлігі сынақты тапсыра алмады. Тек 99 адам екі емтиханнан да сәтті өтіп, жүргізуші куәлігін алды.
Марат Тұрсынов, ХҚКО IT-инфрақұрылым департаментінің директоры:
Ол осы сәйкестендіруден өткен жағдайда тестілеу орнына барады, қалаған орнына отырады. Ол бос орында тағы сол кісі ма, ол емес па, тағы сәйкестендіру өтеді. Содан кейін өткен кісі тестілеуде бастан аяқ өтіп шығады.