Ұлыбританияда Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританияда Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері талқыланды

10.12.2021

Халықаралық саясатты зерттеумен айналысатын британиялық «Генри Джексон қоғамы» талдау орталығында Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері талқыланды. Қос елдің депутаттары қатысқан басқосуда Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі Жалпыпартиялық парламенттік топтың төрағасы, Ұлыбритания Парламенті Қауымдар палатасының мүшесі Боб Стюарт еліміздің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси салаларындағы жетістіктеріне тоқталды.

Ол Қазақстанның Орталық Азияда бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған жұмыстарын жоғары бағалады. Жиынға онлайн қосылған Мәжіліс депутаттары мемлекетті одан әрі демократияландыруға және саяси жүйені жаңғыртуға бағытталған реформалар туралы егжей-тегжейлі баяндады. Конференцияға Ұлыбританияның жетекші талдау және зерттеу орталықтарының сарапшылары да қатысып, өз пікірлерін ортаға салды.

Сэм Эшворт-Хейс, «Генри Джексон қоғамы» талдау орталығының өкілі:

 Қазақстанның жоспарлы экономикадан бас тартып, нарықтық экономикаға көшу кезеңі ерекше таңғалдырады. 30 жыл ішінде елдеріңіз жас мемлекеттен батыл дамып келе жатқан экономикасы, тұрақты ішкі және сыртқы саясаты бар халықаралық қауымдастықтың беделді мүшесіне дейінгі жолды лайықты жүріп өтті.


 Марина Бекенова


Хабарламаларға жазылу