Назерке Алпысбаева, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:
Есіктен қарап тұрғам. Апайы итеріп қалды.
Майра Мелдебекова, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету төрағасының орынбасары:
Осы уақытқа дейін 77 балабақша өтті. Олардың ішінде 17-сі сәтті өтті деп айтуға болады. Ал 60-ы аттестаттаудан өткен жоқ қазіргі таңда.
Әбілтай Әбенов, облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің инспекторы:
Сот медициналық сараптама жүргізу кезінде баланың тамағынан қатты пластмасса зат табылды.
Алматы облысы Талғар қаласы. Жуырда ғана осы балабақшада 4 жасар бүлдіршін көз жұмды. Күні бойы ештеңеге шағым айтпаған сәби түскі ұйқыдан кейін тіл тартпай кетті. Мекеме қызметкерлері оған не болғанын да білмей қалдық дейді.
Ақмарал Әуесбекова, «Бүлдіршін» балабақшасының меңгерушісі:
Түскі уақытта үш бала Шыңғыс Айша менің қызым марқұм болған. Ол қызым тағы екі бала ұйқысынан ерте оянып қойған. Барып көргенімде ойнап отырған дейді тәрбиешісі. Балаларды шетінен тұрғызуға қайтадан барғанымда апай деп басқа бала шақырды. Барсам, жаңағыдай ситуация болып жатыр екен дейді.
Баланың неден көз жұмғаны тек медициналық сараптама арқылы анықталған.
Әбілтай Әбенов, облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің инспекторы:
4 жасар қыздың өліміне қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 141-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот медициналық сараптама жүргізу кезінде баланың тамағынан қатты пласмасса зат табылды.
Бүлдіршінің тамағына ойыншық тұрып қалған. Енді сотта тәрбиешінің кінәсі дәлелденсе, 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Жалпы, балабақшалардағы сұмдық оқиғалар дегенде, қол жұмсау дерегі бізде жиі кездеседі. Сондай оқиға жуырда ғана Қапшағай қаласында болды. Ауыр соққылардан баланың әр жері көгеріп те кеткен. Осындай жағдайлардан кейін ата-аналар балаларын үйде баққанды жөн санайды.
Назерке - екі баланың анасы. Жолдасы екеуі де бюджеттік мекемеде істейді. Былтыр жалдамалы баспана бағдарламасы бойынша үй алған. Қаланың жаңа ауданына ауысып, жақын жерден балабақша іздеуге кіріседі. Алдымен екі баласын да жекеменшік мекемеге берген.
Назерке Алпысбаева, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:
Ұлым да,қызым да барып жүрді. Ұлым үлкендеу, жасы 5-ке келеді ғой. Күнделікті жағдайды айтып жүретін. Апай былай істеді, апай ұрысты, апай итерді деп. Апай ұйқыдан тұрғаннан кейін кеудемнен итерді. Пижамаңды өзің ки деп. Сол күні барып айттым. Маған камераны көрсетіңіз дедім. Киінетін бөлмедегі, ұйықтайтын бөлмедегі. Солай көрсеткенде дәл сондай жағдай болған.
Бұл жолы балабақша басшылығы қол жұмсаған бала күтушіні жұмыстан шығарумен шектелген. Бірақ ұлымның шағымы мұнымен тыйылмады дейді Назереке. Бір күні тәрбиешінің балаға қол жұмсағанын өз көзімен көрген.
Назерке Алпысбаева, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:
Апайы мені көріп қалды да, қорқып кетті де, амандасты. Сосын мен сұрадым не болды деп. Жоқ, Абылхайыр өзі құлап қалды деді. Сосын Абылхайыр мені көріп, жылап жіберді: апай мені итерді, сосын мен құлап кеттім деп. Содан меңгерушіге айттып, сосын оларға инцидент ретінде тіркедім. Шағым жаздым.
Жекеменшік балабақшадан көңілі қалған Назерке балаларын мемлекеттік мекемеге орналастырудың қамына кіріседі. Солардың біріне медбике болып жұмысқа тұрып, екі баласын да тіркейді. Бірақ бұл жақ та мен ойлағандай болмай шықты дейді ол. Ойнап жүрген уақытта қызының иығынан өзге бала қатты тістеп алған. Алайда тәрбиеші сол жерде медбике болып жұмыс істейтін Назеркеге айтпай, жасырып қалғысы келген.
Назерке Алпысбаева, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:
Содан кейін қызым садикке бармаймын деп жылады. Одан кейін қазір екеуі де үйде. Мен жұмыста болған кезде туыстарға апарамыз, біреуге айтып, келісеміз.
Назерке балабақшадағы оқиғаны, іште көрген өзге де кемшілікті толығымен жазып, ІКөмекке шағым түсіріпті. Тексеріс болған. Бірақ нәтижесі әлі шықпаған. Ал біз балабақшаларға кіре алмадық. Карантиндік жағдайды желеу етіп, ешбірі түсірілімге рұқсат бермеді. Ал жалпы, жөнді тәрбие берсе, сөз жоқ, балабақшаның пайдасы мол. Мектепке дейінгі дайындықтан өткен балалардың бағдарламны іліп әкету мүмкіндігі айтарлықтай жоғары болады.
Оған статистикалық деректер дәлел. Мәселен 1997-98 жылдары бірінші сыныпқа барған балалардың ішінде дайындық курсынан өтпегендері бағдарламаны 20,4 пайызға игерсе, дайындық тобына барғандар 91,3 пайыз игерген. (ГЕО: БЕЙНЕҚОР) Сондықтан елімізде 1999 жылдан бастап дайындық тобына бару барлық балаға міндеттелді. Жаңа айтылған оқиғалар бірлі-екілі жағдай емес. Оны министрліктің жүргізген аттестациясы да дәлелдеп тұр.
Майра Мелдебекова, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету төрағасының орынбасары:
Балабақша аттестаттаудан 5 жылда бір өтіп отырады. Биылғы 1 қыркүйектен басталды. Осы уақытқа дейін 77 балабақша өтті. Олардың ішінде 17-сі сәтті өтті деп айтуға болады. Яғни, аттестатталды. Ал 60-ы аттестаттаудан өткен жоқ.
Яғни бүгінге дейін тексерілген балабақшалардың 78 пайызы талаптарға сай келмейтін болып шықты. Мемлекет тарапынан жүргізілетін мұндай тексеру 2017 жылы уақытша тоқтатылған. Басты себебі - бүлдіршіндерді мектепке дейінгі білім берумен қамтамасыз ету, бизнеске кедергі келтірмеу. Осылайша санын көбейтеміз деп сапасын түсіріп алдық. Енді министрлік мекемелерді жан жақты тексеруге қайта кіріскен.
Майра Мелдебекова, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету төрағасының орынбасары:
Математикалық негіздер қалыптастыру, санап үйрену, сонымен қатар, қалам ұстай білу, сурет салу, денсаулық сақтауға байланысты негізгі ұғымдар қалыптасады. Қауіпсіздік мәселелері, тамақтану мәселелері, материалдық базасы, қаншалықты жағдай жасалғаны - бәрі ол жерде қаралады.
Ал осы саланы бейтарап көзқараспен зерттеген әлеуметтанушылар проблеманың тамыры тереңде жатыр дейді.
Жасұлан Нұрбаев, әлеуметтік мәселелер бойынша сарапшы:
Саладағы ең негізгі проблема қаржыландыруға тіреліп тұр. Бізде мектепке дейінгі білім беруге жалпы ішкі өнімнің 0,1 пайызы бағытталады. Бұл өте аз. Сондықтан материалдық-техникалық база да ақсайды. Білікті кадрларды тарту да қиын. Ал дамыған елдерде жалпы ішкі өнімнің кемінде 1-2 пайызы жұмсалады.
Иә, кадр тапшылығы саладағы ең өзекті проблемалардың бірі. Бір ғана мысал, болашақта мен балабақша тәрбиешісі боламын деп армандайтын адам мүлде жоқ. Тек өзге жұмыстың жоқтығынан, таңдау мүмкіндігі болмай қалған сәтте барады . Ал тәрбиеші вакансиясына сұраныс Алматыда 58 процентті құрайды. Нұр-Сұлтанда 24 проценттен асады.
Жасұлан Нұрбаев, әлеуметтік мәселелер бойынша сарапшы:
Жоғарғы, бірінші, екінші категория деген болады. Біздің мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілерінің 10 пайызында да жоғарғы категория жоқ. Жоқтың қасы деген сөз ғой.
Әр баламен жеке жұмыс істей алмау, бүлдіршіндердің психологиясын түсінбеу, тіпті ұрып-соғу - саналы білікті маманның болмауынан. Мәселе жоғары білімде емес.
Себебі еліміз бойынша балабақшалардағы тәрбиешілердің 65 пайызында жоғарғы білім бар. 33 пайызы арнаулы орта білім алған. 2-ақ проценті жалпы орта біліммен жұмыс істеп жүргендер.
Министрліктің мәліметінше, тәрбиешілердің жалақысы 180 мың теңгеге өскен. Алайда ондай ақыны бәрінің алмайтыны түсінікті. Бір бағыты еңбек нарығын зерттеу болып табылатын kz.trud.com сайтының ақпарына сүйенсек, еліміздегі тәрбиешілердің орташа жалақысы 100 мыңға жетпейді. Нақты айтсақ - 96 717 теңге...
Оңғар Алпысбайұлы