Осы аптада Президентке күзде өткен халық санағының қортындылары туралы Премьер-Министрдің есеп бергені туралы хабарланды. Үкімет басшысы қазақстандықтардың саны 19 169 550 деген. Елдің әлеуметтік жағдайынан хабар беретін есеп әлі дайындалып жатқан шығар, әзірге мынадай сандар:
Әйелдер - 51,8 процент, ерлер үлесі - 48,2 процент.
Халықтың орташа жасы - 31,9.
Еңбекке жарамды адамдардың саны - 11 320 410.
Ал этникалық құрамға келсек, қазақтар 70,18 процентке жеткен. Біз елең еткен тағы бір мәлімет: 17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер 33,97 процентті құрайды, ал 14 пен 28 аралығындағы жастар 19,72 процент.
Енді мынадай ақпар: Ресейдің Росстаты жыл басында ел тұрғындарының орташа жасы - 40,4 деген. Әрбір төртінші немесе 36,9 млн адам зейнет жасында. Ал балалар мен жасөспірімдер елдің 17,7 процентін құрайды.