Елорданың теміржол вокзалында ер адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорданың теміржол вокзалында ер адам қайтыс болды

13.12.2021

Елорданың теміржол вокзалында ер адам жоғары кернеулі электр қуаты соғып көз жұмды. Төтенше жағдай пойыз жүретін жолдардың аумағында орналасқан бейнекамераға түсіп қалған. Онда вагонның үстіне шыққан механиктің екі адымнан кейін тоққа ұрынып, бірден құлағаны байқалады.

Оқиға кеше күндізгі сағат 14:00 шамасында Нұр-Сұлтан - Жезқазған бағытында жүретін №107-пойыздың үстінде болды. Қазір көліктегі Полиция департаменті қайғылы оқиғаға орай тергеу амалдарын бастады. Оқыс жағдайға не себеп болғаны анықталып жатыр.


теміржол

Хабарламаларға жазылу