Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

13.12.2021

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы Кентуккидегі жойқын дауылдың салдарынан АҚШ-та көптеген азаматтың қаза болғаны туралы хабарды ауыр күйзеліспен қабылдағанын жеткізді. «Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан жақындарынан айырылған отбасыларға қайғырып көңіл айтамын. Табиғи апаттан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Осындай қиын-қыстау сәтте АҚШ халқымен біргеміз және климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі жаһандық іс-қимылдарға қосыламыз», – делінген Президенттің жеделхатында.


Хабарламаларға жазылу