Алматыда заңсыз бес түп ағаш кескен азамат орнына 100-ін отырғызатын болды.
Жауапты мамандар Бутаковка шатқалында ағаш кесу туралы ақпарат түсісімен, мекенжай бойынша анықтау жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде жасыл желектің заңсыз оталып жатқаны белгілі болды. Қалалық Жасыл экономика басқармасының хабарлауынша, қала тұрғыны жер телімін жоспарлау жұмыстары кезінде қоршаған ортаға зиян келтірген.
Нұркен Базарбайұлы, қалалық Жасыл экономика басқармасының бас маманы:
Осыған орай құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырды. 20 есе көп ағаш отырғызу туралы кепілдік хат алынды.