Ресейде «Омикрон» штамын жұқтырғандар саны 16-ға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде «Омикрон» штамын жұқтырғандар саны 16-ға жетті

14.12.2021

Ресейде коронавирустың «омикрон» штамын жұқтырғандардың саны 16-ға жетті. Сондықтан елде шектеу шаралары күшейтіліп жатыр. Бізбен байланысқа Мәскеуден Индира Бегайдар шығып тұр.

Индира Бегайдар, тілші:

«Рахмет,Алла! «Омикрон» штамын жұқтырғандардың барлығы Африка елдерінен келгендер. Олардың жағдайы қалыпты. Жалпы елде індеттің таралу қарқыны жоғары, «Covid-19» анықталған адам саны 10 миллионнан асты. Бүгінде коронавирус жұқтырғандарға арналған стационарлар 78 пайызға толған. Дәрігерлер ауыр халде жатқандардың арасында балалар да бар екенін айтады.

Мария Милютина, дәрігер: 

Сонымен қатар коронавирустан қайтыс болған жүкті әйелдердің саны да күрт артты. Өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда аяғы ауыр әйелдердің өлімі 3 пайызға өскен. Ал вакциналау көрсеткіші әлі де төмен.

Іргелес елде індетке қарсы вакцина салдырған адам саны 75 миллиоға жетті. Енді тек ресейлік емес, шетелдік вакцина алғандарға да QR беріледі. Сонымен қатар екпе қабылдамаса да, анти денелері барлар да сертификат ала алады. Шіркеу, мұражай мен театрларға QR кодсыз кіруге рұқсат жоқ. Жаңа жылдан бастап маска тақпай, оқшаулау режимін бұзғандарға айыппұл көлемі өседі. Көрші елдегі эпидахуал осындай.

Индира Бегайдар

 

Хабарламаларға жазылу