Елімізде екі аптада індет жұқтыру 31%-ға азайған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде екі аптада індет жұқтыру 31%-ға азайған

14.12.2021

Елімізде коронавирус жұқтыру дерегі екі аптада 31 пайызға азайған. Бүгін Үкіметте эпидахуал жайлы баяндаған Денсаулық сақтау министрі ауруханадағы орындардың 80 пайызы босағанын жеткізді. Яғни эпиджағдай жақсарып келеді. Қазақстан індеттің таралуы бойынша 222 елдің ішінде 110-ы, ал өлім саны бойынша 102-ші орында. Жұртты ковидке қарсы вакциналау да жалғасып жатыр. Қазір екпенің бірінші компонтін 9 миллиондай адам алды. Бұл вакцина алуға болатын халықтың 78 пайызы. 136 мың адам ревакцинация жасап үлгерді. Ал 188 мың адам Pfizer екпесін алды. Ол жүкті және бала емізетін әйелдер мен жасөспірімдер.

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Елімізде соңғы екі аптада ауру жұқтыру 31 пайызға азайды. Стационарлық және амбулаториялық ем алып жатқандардың саны 1,7 есе қысқарды. Инфекциялық төсектердің қамтылуы 23, реанимациялық төсектер 20 пайызды құрайды.

Сондай-ақ министр ревакцина жасау үшін КазВак секілді екі компонентінің құрамы бірдей екпені алу керек деді. Ал Спутник-в ревакцина жасауға жарамайды дейді. Ал премьер-министр қайта екпе егуге ерекше ден қоюды тапсырды. Әкімдіктер түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ревакцинаның маңызын жеткізуі тиіс. Өйткені шет елдерде жағдай күрделі. Ауру ұшығып жатыр. Сол үшін шекарадағы эпидемиоллогиялық бақылауға да мән беру қажет деді Асқар Мамин.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-министрі:

Жалпы эпиджағдай тұрақты. Күн сайын коронавируспен ауырып тіркелетіндер саны көбейіп жатқан жоқ.  Петперде режимі мен әлеуметтік арақашықтықты сақтауды жалғастырып, вакциналау мен ревакциналаудың қарқынын күшейту қажет.


Хабарламаларға жазылу