Қытайдың материктік бөлігінен алғаш рет «Омикрон» табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдың материктік бөлігінен алғаш рет «Омикрон» табылды

14.12.2021

Қытайдың материктік бөлігінен алғаш рет коронавирустың «омикрон» штаммы табылды. Мұндай диагноз елдің солтүстігіндегі Тяньцзинь порттық қаласының тұрғынына бүгін қойылды. Жақында Еуропадан оралған пациент қазір оқшауланып, ауруханада емделіп жатыр.

«Си-си-ти-ви» телеарнасының хабарлауынша, омикрон жұқтырған екінші адам оңтүстіктегі Гуанчжоуда анықталды. Ол қараша айында шетелден қайтқан. Дәрігерлердің айтуынша, бүгін 67 жастағы азамат көпшіліктен аластатылып, үйінде емделе бастады.


Хабарламаларға жазылу