Қазақстан пандемияның экономикаға тигізген кері әсерін еңсерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан пандемияның экономикаға тигізген кері әсерін еңсерді

14.12.2021

Қазақстан пандемияның экономикаға тигізген кері әсерін сәтті еңсерді. Бұл туралы Үкімет басшысы Асқар Мамин Президент жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысында мәлімдеді. Соңғы 11 айда отандық экономикадағы ілгерілеушілік пандемияға дейінгі көрсеткіштерден де асып түсті. Бірінші жарты жылдықта шетелдік инвестиция көлемі 30 пайызға ұлғайды. Әсіресе, өңдеу өнеркәсібі, тамақтану, ақпарат және байланыс, құрылыс, сауда, ауыл шаруашылығы салаларына қаржы тарту белсенді жүргізілді.


Хабарламаларға жазылу