Елде 93 қаржы ұйымына 25 млн теңгеден аса айыппұл салынды. Бұған тұрғындардан түскен шағым себеп. Биыл Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне халықтан 27 мың өтініш түскен. Оның 66%-ы екінші деңгейлі банктердің жұмысына қатысты шағым. Қалғаны микроқаржы ұйымдары мен коллекторлық агенттіктердің заңсыз әрекетіне қатысты. Агенттіктің тексеру нәтижесі бойынша оларға 87 әкімшілік жаза қолданылды. 6 мыңнан аса азаматтың қарызы қайта қаралды. Мамандар несие аларда, келісім шартқа қол қояр кезде аса мұқият болуды ескертеді.