30 жыл бұрын Елордада тұңғыш қазақ балабақшасы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

30 жыл бұрын Елордада тұңғыш қазақ балабақшасы ашылды

14.12.2021

Тәуелсіздіктің алғашқы жетістігі – балаларға қазақ тілде тәлім-тәрбие беру мәселесі еді. Осы мақсатта 30 жыл бұрын елордада тұңғыш қазақ балабақшасы ашылды. Бұған дейінгі орталықтарда тек аралас тілде тәлім беріліп келген еді. 280 орындық ғимараттың тұсаукесері дүйім жұртты қуантты. Тілшіміз Раушан Сайлауқызы сол тарихи бөбекжайда болып, естеліктерді тыңдап қайтты.

Елорададағы Ер төстік бала-бақшасы. 30жыл бұрын отырғызылған мына ағаштар бүгін де ғимараттан биік. Орталықтың сырты сол қалпы болғанмен, іші жаңарған, жөндеу жүргізілген.Тек кейбір жиһаздар ғана әлі күнге дейін сақтаулы

Серік Мадияр, Балабақша тәрбиеленушісі /1998-2000/:

Біздің кезімізде ойыншықтардың бәрі ағаш ойыншықтар еді. қазір бәрі ауысқан. Осы бөлмеде тамақ ішкенбіз. Арғы бөлмеде ұйықтайтынбыз.

Серік Мадиярды 4 жасында алғаш анасы алып келсе, қазір оның екі бүлдіршіні осында тәлім алады. Бүгінгі тарихи сәтте бұрыңғы түлектер жиналып, бала шақтарына саяхаттап қайтты.

Әсел Мұхамеджанова, №17 «Ер төстік» балабақшасының меңгерушісі:

Целиноград қаласында депутаттар мәслихатының шешімімен 280 балаға арналған тұңғыш қазақ балабақшасы ашылған. Сол кезде алғашқы келген түлектеріміз ата-ана боп өз балаларын осында әкеп отыр.

Ана тілде тәлім беруді естіп, қатты қуанғандардың бірі - Гауһар Сәбитқызы. Оның еңбек жолы 30 жыл бұрын дәл осы балабақшада басталған.

Гауһар Сәбитқызы, логопед-мұғалім:

Тәуелсіздік алғанда бәріміз ұжым болып қатты қуандық. Төбеміз көкке жетті. Ана тілімізде еркін сөйлеміз деп қуандық. Қазір Осы балабақшаның материалдық базасы басқаша еді. қазір бәрі жақсарып жаңарып жатыр.

Мерейлі мерекеге орай концерт қойылды. 30жылдан бері еңбегі сіңген қызметкерлер марапатталды. Түлектер алғашқы ұстаздарына құшақ-құшақ гүл таратып, алғыстарын білдірді.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу