Түркістан облысында 4 мыңнан астам адам тұрақты жұмысқа орналасты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында 4 мыңнан астам адам тұрақты жұмысқа орналасты

15.12.2021

Биыл Түркістан облысы Келес ауданында 4 мың 200 адам тұрақты жалақысы бар жұмысқа орналасты.

Оның ішінде 754 азамат - жасы 29-ға жетпеген жастар. Тұрақты жұмыс тапқандардың ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен жаза басып, істі болғандар да бар. Ел қатарлы еңбекке араласқандардың 60-ы - мүмкіндігі шектеулі және 18-і пробация есебінде тұрғандар. Сонымен қатар аймақта мемлекеттің қолдауын пайдаланып, жеке кәсібін бастағандар да жетерлік. Мұнан бөлек жоғары, орта арнаулы оқу орындарын бітірген 137 жас маман биыл қоғамдық ақылы жұмыстарға орналасып, өздерінің алғашқы еңбек жолын бастады.

Нүрипа Темірбаева, Келес ауданы жұмыспен қамту орталығының басшысы:

Жыл басынан бері кейінгі 11 айдың қорытындысымен 82 пайызға тұрақты жұмысты орындадық. Негізінен аудан ауылшаруашылығы мен мал шаруашылығы болғандықтан негізгі кәсібі мал және өсімдік шаруашылығымен айналысып жатыр.


Хабарламаларға жазылу