Баланың университеттегі оқуын төлеу үшін ақшаны сақтандыру компаниярында да жинауға болады. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы мәлімдеді. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында сақтандыру және бағалы қағаздар нарығында қандай өзгерістер болатыны талқыланды. Толығырақ Парламенттен тікелей эфирге қосылған тілшіміз Берік Көшебай тарқатады.
Бүгін Мәжілістің жалпы отырсында негізгі баяндамашы Мәдина Әбілқасымова болды. Себебі сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту мәселелері бойынша заң жобасы қаралды. Заңға өзгеріс енгізудегі басты мақсат осы саланы одан ары дамыту. Ол үшін жаңа өнімдер еңгізу, қызметтерді цифрландыру, заңзаманы халықаралық практикаға сәйкес келтіру көзделген. Мысалы, сақтандыру компанияларына мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысуға рұқсат берілмек. Яғни, баланы жоғарғы оқу орнында оқыту үшін ақшаны тек банкте ғана емес, сақтандыру компаниясында да кепілдікпен жинақтауға мүмкіндік пайда болады. Заңнамалық бастамалардың екінші блогы Қазақстанның қор нарығын одан ары дамытуға бағытталған. Бұл жерде де бірнеше жаңалық бар. Мәселен, бұдан былай инвестициялық консультация беріп, делдалдық қызмет көрсететін брокер мен диллерде міндетті түрде лицензия болуы тиіс. Бұдан бөлек, бағалы қағаздарды шығару процессін біріңғай цифрлық форматқа толық көшіру көзделген. Мәжіліс депутаттары Заң жобасын қарап, бірінші оқылымда мақұлдады.