Астанада мүмкіндігі шектеулі балалар жасаған қолөнер бұйымдарының көрмесі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада мүмкіндігі шектеулі балалар жасаған қолөнер бұйымдарының көрмесі өтеді

17.03.2014
Астанада мүмкіндігі шектеулі балалар жасаған қолөнер бұйымдарының көрмесі өтеді
Астанада  21-23 наурыз күндері «Asia park» сауда ойын-сауық орталығында мүмкіндігі шектеулі балалардың Наурыз мейрамына арналған еңбектерінің көрме-жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына «Мейiрiмдiлiк-М» қайырымдылық ұйымы» қоғамдық қоры хабарлады.
 
Мерекелік іс-шараға мүмкіндігі шектеулі 30 бала қатысады. Көрмеге мүгедек балалардың өз қолымен жасаған 100-ден астам туындысы қойылады. Олардың арасында  суреттер, картиналар, қолмен жасалған түрлі ұсақ-түйектер, киізден жасалған заттар, ағаш және т.б. қолөнер бұйымдары бар.
 
Сондай-ақ, «Армысың, әз Наурыз!» іс-шаралар жоспарына 5-15 жастағы балалардың қатысуымен өтетін концерттік бағдарлама енгізілген.
 
Дәстүрге айналған  аталмыш іс-шараның негізгі мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балалардың мәселесіне қоғам назарын аудару, сонымен қатар, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
 
Көрме сағат 10:00-22:00 аралығында өтеді.

Хабарламаларға жазылу