Еуразиялық экономикалық одақ елдері ішінде жұмыссыздар саны Қазақстанда көбірек артқан. Көрсеткіш бір жылда 1,6 пайызға нашарлап отыр. Десе де өзге бағыттар бойынша алға жылжу бар. Бүгін Еуразиялық экономикалық комиссия атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Оған сай биыл одақтың жұмыспен қамту қызметіне жүгінген 2 миллион 600 мың азамат жұмысқа орналастырылды. Ал алыс-беріс артып, экономикалық көрсеткіш жоғарылаған. 2021 жылдың 9 айында ЖIӨ 4.4 пайызға өсіп отыр.
Ия Малкина, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы төрағасының көмекшісі:
Жалпы ішкі өнімнің өсуі өнеркәсіп, құрылыс, бөлшек сауда мен көлік саласындағы ахуалдың жақсарып, кәсіпкерліктің жандануына байланысты. Одаққа мүше елдер арасындағы сауда айналымы 52 млрд долларға жеткен. Яғни өткен кезеңмен салыстырғанда 32 пайызға артып отыр.