Елімізде байлыққа салынатын салық түрін енгізу бойынша нақты ұсыныстар жоқ. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев салық пен кеден саласын цифрландыру жұмыстарына арналған Үкімет сағатында мәлемдеді. Ведомство басшысының айтуынша, қазіргі 10 пайыздық табыс салығының өзі азаматтардың кірісін мөлшеріне қарай реттеп отырады. Сондықтан байлық салығын енгізу қазір аса маңызды емес деді министр.
Ерұлан Жамаубаев, ҚР Қаржы министрі:
Қазіргі шкаланың өзінде де көрсетілген. Кім көп алса, соған байланысты салықты да көп төлейді. Ал енді одан да көп мөлшерде төлеуді қарастыру керек. Қашаннан бастап төлеу, қандай мөлшерде, қай кезден бастап байлық деп саналуы керек? Қазір мұны ешкім айта алмайды. Байлық деген қай сомадан басталу керек, жалақысы деген сияқты.