Қарағанды облысының Балқаш қаласында жас кәсіпкерлерді қолдау үшін 40 миллион теңге грант берілді. Бизнес жобалар әр саланы қамтиды. Қызмет көрсету нысандарымен қатар, өндірісті қолға алғандар да бар.
Жасы 20-дан енді асса да Жанна Сламқұлованы Балқаш қаласының тұрғындары жақсы таниды. Ісмер келіншек тапсырыспен үйінде киім тігіп келді. Кейін кәсібін дамытпақ болып, БҰҰ шағын қалаларды дамыту бағдарламасына өтініш беріп, 2 миллион теңге грант ұтып алды. Тігін машиналарын сатып алып, шағын цехты іске қосты. Ал жақында облыс әкімінің грантына ие болды. Енді 1 миллион теңгеге киім пішетін заманауи қондырғы алуды жоспарлап отыр.
Жанна Сламқұлова, кәсіпкер:
Программаға забивайтетеміз. Қандай бізге фасон керек, қандай размерлер керек, қандай тканьдар керек. Ол меховой алады, органза алады, бүкіл тканьдарды алады. Өзі лазермен крой жасайды.
Жаннаның қолынан шыққан киімдерге сұраныс жоғары. Жас болса да, өзіндік бренд қалыптастырып үлгерген. Әзірге өнімін тек Балқашқа өткізеді. Кейін ел нарығына шығуды көздеп отыр.
Әсем Кемелбекова, Балқаш қаласының тұрғыны:
Бізде Балқашта мынадай брендтер тігетін, спортивный, оверсайз киімдер тігетін жоқ. Осы балқашта бірінші рет ашылған соң постоянный клиент болып келіп тұрамыз. 01:05-01:12 Качествасы жақсы. Бұл кісіге сенеміз да, подделкалар жасамайды.
Балқаш қаласында тек соңғы 3 жыл ішінде кәсіп ашамын деген жастарға 43 миллион теңге көлемінде қайтарымсыз қаржы берілген. Ол ақшаға шаштараз, дәмхана, демалыс орындары, тігін цехы, гидропоника дайындайтын кәсіпорын секілді бірнеше бизнес жобалар жүзеге асыпты.
Ирина Федорова, Балқаш қаласы жастар ресурстық орталығының директоры:
Қаламыз жыл сайын көркейіп келеді. Оған жастардың үлесі зор. Балқашта кенже қалған саланы қолға алып, бизнесін дамытып жатқандар жетерлік. Тек қызмет көрсету саласы емес, өндірістік жобаларды қолға алғандар да бар. Біз әрине, ондай кәсіпкерлерге қолдау білдіреміз. Қайтарымсыз қаржы беріледі.
Айтуларынша, кәсіп ашқысы келетін жастар көбейген соң, жыл басында берілген 10 миллион теңге жетпей қалып, тағы қосымша қаржыға тапсырыс берілген. Жуық арада жеңімпаздарға үлестірілмек.